Қызылордада бір мезгілде 20 оқушы ауруханаға түсті

Ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2969

Қызылорда мектептерінің бірінде бұрыш спрейінен уланған 20-дан астам оқушы  ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше  3 қазан күні қаладағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш спрейін шашып, соның әсерінен  20-дан астам оқушы өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен. Олардың барлығы іші және тамағы ауырып, жүректері айнып,  ауыздарынан жағымсыз иіс шыққанын айтқан. Балалардың жастары 7 мен 12 жас аралығында.

«Бұрыш спрейін қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген полиция хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...