«Әкесінен аумайды»: Батырхан Шүкеновтың ұлы Бибігүл Төлегеновамен кездесті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
975

Танымал әнші Батырхан Шүкеновтың ұлы Мақсұт қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегеновадан бата алып, желі қолданушыларынан жылы қолдау тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Лека Савельева есімді қолданушы жазған.

Оның айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында өткен бұл кездесу ерекше мейірім мен адамдыққа толы сәттердің бірі болған.

«Аңызға айналған Батырымыздың ұлы Мақсұт Бибігүл Ахметқызының үйіне қонаққа барды. Батыр Бибігүл Ахметқызын өте қатты жақсы көретін. Оның махаббаты жасандылықсыз, шынайы еді. Ол үшін Бибігүл апайы екінші анасы сияқты болды. Консерваторияда оқыған кезінде де оның үйі жарық сәулесі сөнбейтін, жылуы мен мейірімі көп шаңырақ еді», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, Мақсұтқа да, Бибігүл апаға да ақжарма тілектерін білдіріп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайды: жаңбыр қарға ауысып, жел күшейеді, ал ауа температ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...