Ұшақ апатынан аман қалған азамат ұшақта қасында отырған әйелінің қайда екенінен бейхабар

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
3418

Ұшақ апатынан аман қалған адам қайғылы оқиға туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

«Ұшақ құлады. Бортта қанша адам болғанын білмеймін. Мені жараланған басқа жолаушылар алып шықты. Мен ұшақтың басқа бөлігі қайда екенін сұрадым. Маған оның шамамен 200-300 метр қашықтықта екенін айтты. Онда болғандардың бәрі өртеніп кеткен екен», - деді ер адам.

Жолаушылардың арасында ер адамның  жұбайы да болған. 

«Ұшақта, менің қасымда әйелім болды. Апаттан кейін мен оны көрмедім және оның қайда екенін білмеймін», - деді ол.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бұған дейін жеке тұлғаларды сәйкестендіру үшін сараптамалар тағайындалғанын айтқан еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облыстық перинаталдық орталығында бір айдың ішінде екінші рет үшем дүниеге келді. 34 жастағ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Алтынай Жорабаеваның қызына әзірленген жасау әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабар...