48 келі салмақта сынға түсіп жатқан Абиба алғашқы айналымда израильдік Шира Ришориден "ваззари" ұпай...
“Тергеуге қатысты күмәнім күшейді”. Заңгер Ербаянның ісіне қатысты күдігі барын айтты
Фото: инстаграм парақшасынан
Құқық қорғаушы Инга Иманбай Ербаянның ісі бойынша сараптаманың дайын болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап.
Заңгердің айтуынша, сараптама дайын болғанымен сараптамамен әлі күнге дейін таныспаған. Тергеушінің сылтауы көбейіп, қашқақтап жүрген көрінеді.
Инга Иманбайдың Ербаянды осы күйге жеткізгендер жазасыз қала ма деген күдігі күшейген. Сондықтан заңгер жағдайды әлеуметтік желіге ашық жазып, тергеуден, құзырлы органдардан жауапты ашық талап етіп отыр екен.
Еске салайық, былтырғы жылдың желтоқсан айында Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтар бас сүйек-ми жарақатын алып, комаға түскен еді. Әскерилер оның дәретханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын хабарлады. Туыстары оған келіспеді. Олардың айтуынша, Ербаян түнгі екіде жарақат алған. Ал оның жанында сол уақытта кем дегенде 7 адам болған.