Назарбаев кино туралы заңға қол қойды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3996

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кинематография саласында құқықтық негіздемелерді белгілеуге бағытталған "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды - деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап 

Мемлекет басшысы заңнаманы "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Шектеулі прокат фильмдерден бөлек, прокат және көрсетілімдер қазақ тілінде жүргізілмейтін фильмдер аударылуы тиіс немесе субтитр арқылы көрсетілуі керек, не болмаса кадр сыртында қазақ тіліне аударылып, дыбысталуы қажет. 

Ұлттық фильмдердің прокаты қазақ тілінде жүргізілуі тиіс, қажет болған жағдайда басқа да тілдерге аударылуы қажет.

madeniportal.kz
 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...