«Рэкетир» фильміндегі танымал актер инсульт алып ауруханаға түсті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
426

«Рэкетир» фильмі арқылы көрерменге танылған актер Мұрат Бисембин инсульт алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы оның қызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Қазір актер дәрігерлердің бақылауында екен.

Бұған дейін ол Инстаграм парақшасында:

«Көп адам әкемнің жағдайын сұрайды. Біржақты жауап бере алмаймын. Кейде жақсы, кейде нашар. Біз әрдайым жағымды атмосфера қалыптастыруға тырысамыз. Соңғы бір жарым жылда әкем мен анам көп қиындықтан өтті. Бір ауруханадан екіншісіне, клиникадан клиникаға, шексіз анализдер, емдеу, химия терапиясы, қалпына келу – барлығы артта қалды», — деп жазған еді.

Актердің әріптесі Жан Байжанбаевтың айтуынша, Мұрат Бисембин бір жылдан аса уақыттан бері онкологиялық аурумен күресіп келеді. Соңғы уақытта оның жағдайы күрт нашарлап, шұғыл түрде қымбат иммунотерапия қажет болған. Сол себепті әріптестері әлеуметтік желілер арқылы қаражат жинауды бастады. Олар кез келген көмектің маңызды екенін атап өтті.

 

PESTEL

Таиландтың оңтүстігінде қаруланған топ жарылғыш құрылғыларды іске қосып, PTT мұнай-газ компаниясына...

Шоу-бизнес

"Меломен" тобының әншісі Ролан Қазрет "Kezdesu" подкастында тоқал алу туралы өз ойын ашық бөлісті, д...