Түркістан облысында білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге қайтарылды, деп хабарлайды madeniport...
Ресей келісім берсе, утиль алымға қатысты өзгерістер болады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстанда жиналған автокөліктерді Ресейдің утиль алымынан босатуды ұсынбақшы, деп хабарлады Мadeniportal.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
"Өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастық шеңберіндегі екіжақты кездесулер бөлігінде Қазақстанда шығарылған автокөліктерге сандық квота беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады, мысалы, Kia Ресей Федерациясында утиль алымды төлеуден босатылатын болады", - делінген мемлекеттік мекеменің сайтында жарияланған құжатта.
Айта кету керек, былтыр Ресейде утиль алымның көлемі өскен болатын. Ресейлік БАҚ ЕАЭО елдерінен келетін автокөліктер үшін утиль алым жаңа ережелермен есептелетінін жазған. Kia маркалы автокөліктер Allur Group-тың Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауытында жиналатыны белгілі.
Өнеркәсіп министрлігінің дерегінше, 2024 жылы Қазақстанда автокөліктер өндірісі көлемінің төмендеуі байқалған, оған сұр импорттың ұлғаюы, қарыз жүктемесінің өсімі, утиль алымды алып тастау бойынша петицияның талқылануы және шағын торапты жинақ (CKD) үлесінің орындау талаптарындағы өзгерістер әсер етті (20%).
"Әр кәсіпорынның мысалында себептерді қарастыратын болсақ, "СарыарқаАвтопром" ЖШС-де өндіріс көлемінің төмендеуі жабдықтарды жаңғырту, жөндеу жұмыстары және өндірістік желілерді техникалық қызмет көрсету сияқты мәселелермен байланысты, ал "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС-де кедендік рәсімдер (ҚР ҚМ бұйрығы) және Ресей мен Қытай арқылы жүктерді жеткізу бойынша жалғасып жатқан мәселелер туындаған", - делінген салалық ведомствоның есебінде.