Қазақстандық танымал әнші істі болды. Әнші Гауһар Әлімбековаға қатысты сот отырысы өтіп, жаза тағайы...
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ МАМЫР АЙЫНДА НҰР-СҰЛТАНҒА КЕЛЕДІ
Қазақстан мен Ресей президенттерінің ресми кездесуінің қорытындысы бойынша журналистермен баспасөз мәслихатын өткізген Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық қауымдастығының мәжілісіне қатысатынын айтты.
Аталмыш шара 29 мамырда Нұр-Сұлтанда өтеді, деп хабарлайды Madeniportal.kz ҚазАқпарат агенттігіне сүйеніп.
«Қазақстан Президенті Тоқаевпен біз жуырда тағы кездесеміз. 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық қауымдастығының мәжілісі өтеді. Бұл жиын осы ұйымның 5 жылдығына қарай ұйымдастырылғалы отыр», - деді В. Путин.
Ресей басшысы өз сөзінде 5 жылдық мерекеге байланысты өткізілгелі отырған жиынның ЕурАзЭҚ-ті бекіту туралы келісімге қол қойылған Қазақстан астанасында ұйымдастырылуы жақсылықтың нышаны екенін атап өтті.
«Осылайша, біз Одақты құруға ұсыныс жасап, еуразиялық ықпалдастық жобасының негізін қалауда маңызды рөл атқарған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегіне назар аударғымыз келеді», - деді Ресей президенті.
Сондай-ақ, Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей мен Қазақстанның XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына шақырды.
«Биылғы жылы жиын Омскіде қараша айында өтеді. Мен оған Қазақстан Президентін де шақырдым», - деді Ресей басшысы.
В.Путин сонымен қатар Омскіде өтетін өңіраралық ынтымақтастық мәселесіне арналған шара аясында Қазақстан мен Ресейдің жас көшбасшылары форумы өтетіндігін айтты.
«Осы шара аясында Ресей мен Қазақстанның жас көшбасшыларының форумын өткізу дұрыс деп шештік», - деп қосты Владимир Путин.
«Сөз соңында Қазақстан Президентіне, Қазақстаннан келген барлық әріптестеріме және достарымызға ауқымды, нәтижелі келіссөздер үшін алғысымды білдіргім келеді. Бүгінгі кездесуіміздің нәтижесі Қазақстан мен Ресейдің одақтас ретіндегі қарым-қатынасына игі ықпалын тигізеді деген ойдамын», - деді Ресей басшысы Мәскеуде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша.