ШҚО-да құрылыс алаңынан адам сүйектері табылса да жұмыс тоқтамаған

Фото: Freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
121

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында жаңа аурухана құрылысы жанжалға ұласты. Құрылыс қазандығынан адам сүйектері табылғанына қарамастан, жұмыстың тоқтамауы жергілікті тұрғындардың ашуын туғызған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz azattyq-ruhy-на сілтеме жасап. 

Куәгерлердің сөзінше, құрылыс алаңында адамның бас сүйектері, жақ сүйектері мен қол-аяқ сүйектері шашылып жатыр. Ал сүйегі бар топырақ ашық жерлерге шығарылып жатыр. Бұл жайт халық арасында үрей туғызды. Олар қалдықтар жаңбыр суымен бірге өзенге ағып кетеді деп алаңдап отыр.

Жергілікті тұрғын Елена Медведева билікке ресми үндеу жолдап, құрылысты дереу тоқтатуды талап етті:

«Бұл тек санитарлық емес, моральдық нормаларды да бұзу. Полиция оқиға орнына барып, оқиғаны тіркеуі тиіс. Кәсіпкерлік кодекс пен «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң бойынша, құрылысшылар осындай жағдайда жұмысты дереу тоқтатуға міндетті», — деді ол.

Тұрғындар арасында бұл жердің тарихына қатысты бірнеше нұсқа бар. Біреуі бұл жерде бұрын ескі зират болған десе, енді бірі соғыс жылдары бұл маңда аурухана жұмыс істеп, қайтыс болған сарбаздар осы жерге жерленген болуы мүмкін дейді.

Қала әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, үрейге бой алдыруға негіз жоқ екенін мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл аумақта бұрында жерлеу орындары болған, кейін ол жерге инфекциялық аурухана салынған.

Әкімдік өкілдері табылған қалдықтардың тарихи құндылығы жоқ екенін және олар қайта жерленетінін жеткізді. Барлық жұмыс заң аясында жүргізіліп жатқанын алға тартты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда қолы қан-жоса болған ер адам сұлулық салонына басып кіріп, қызметкерлерді қорқытқан. Белгіс...

MADENI TV

Астананың Нұра ауданындағы Үркер тұрғын алабында 25 сәуір күні «Таза Қазақстан» экология...