Ресейде мектеп оқушысы сыныптастарын өртеп, балға ала жүгірді

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
122

Краснояр қаласындағы №153 мектепте 14 жастағы оқушы қыз сыныпқа балғамен келіп, сыныптастарын жаралап, өртеп жіберді, деп хабарлады MadeniPortal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Осы оқиғаға қатысты ресейлік басылымдардан әртүрлі ақпарат тараған еді. Оқушы қыз мектепке бензин алып келіп, бір оқушының үстінен оны құйып, артынан өртеп жіберген. Ал келесі бір басылым қыздың өзге оқушыларға балғамен шабуыл жасағанын жазды. Сондай-ақ, қыздардың бірі сыныпқа жанғыш қоспа лақтырғанын хабарланды. Артынша мәлім болғандай мектепте шыққан өртті мектеп қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенге дейін өздері өшірген.

Жалпы бұл қайғылы оқиғадан бес бала зардап шекті, ең ауыр жарақат алған жартылай жанып кеткен оқушы қыз. Оның арқасы, қолдары, мойны мен басын күйік шалған. Сонымен қатар, тағы екі бала күйік шалып,  екі оқушы бас-ми жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Ал Краснояр полиция басқармасы оқиғаға қатысты, сегізінші сынып оқушысы кабинетке жанған шүберек лақтырып, кейін бірнеше оқушыны балғамен ұрғаны туралы хабар түскенін мәлімдеді. 

ПРОЗА

Маңайдағы ойдым-ойдым табан – тегіс шалғын, кешірек көктеген қырдың бидайығына орақ бәрінен ке...

ӘДЕБИЕТ

Сол жаз біздің ауыл орақты ерте бастады. Сәуірдің ортасын ала тасыған су шабындыққа барынша жайылып,...