Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ еркек ұрып кеткен

Дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
443

Анасының айтуынша, жас жігіттің басы жарылып, мұрны сынған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"12 қазанның түнінде 35-40 жас шамасындағы бір топ мас еркек ұлымды Толе би көшесіндегі кафенің алдында ұрып кетті. Бір ұрғаннан ессіз жерде жатқан баламды басынан теуіп, ұрып кеткен. 15-20 күдіктінің ішінен 3-ақ адам ұсталды. Оларды жеңіл баппен ұстап отыр. Басты күдікті көлікке мініп қашып кеткен. Мен олардың барлығын ұстап, заң жүзінде жауапкершілікке тартылуын талап етемін", – деді жәбірленушінің анасы.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана зиян келтіру") бойынша іс қозғаған.

"Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысқан барлық адам анықталып, ұсталды. Әрқайсының кінәсін және оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлға заңға сәйкес жауапқа тартылады", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Істің тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...