Алматы облысында өртенген күйде табылған полиция қызметкерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгі...
Астанада жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден алынған
1427
Әлеуметтік желіде Астана маңында трактор мен жеңіл автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасының салдары түсірілген видео тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Астана қалалық полициясының мәліметінше, “Беларус” тракторының жүргізушісі Ақжол көшесіне қосалқы жолдан шыққанда жол бермей, Lada автокөлігімен соқтығысқан. Соққының салдарынан трактор қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен.
Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.