Дубайдан Қазақстанға эвакуациялық рейстер басталды

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
582

Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға эвакуациялық рейстерді бастайды, деп хабарлады MadeniPortal.kz Азаматтық авиация комитетіне (ААК) сілтеме жасап.

«2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай – Алматы (170 орын) және FZ1395 Дубай – Астана (170 орын) рейстерінің ұшуы жоспарланған», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық биліктерінен рұқсат алынған жағдайда 3 наурыз күні Батыс Қазақстаннан Мединеге және кері бағытта 2 репатриациялық рейс, сондай-ақ Жиддаға және кері бағытта 2 репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Еске салайық, Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігінің үстімен, ішінде және оған жақын аймақтарда ұшуларды арнайы өкім шыққанға дейін толық тоқтатуға тыйым енгізген.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...