Астанада өңірлік мерзімді басылымдар форумы басталды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2988

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өңірлік баспа басылымдарының жұмыс деңгейін арттыру мәселелері бойынша форум басталды.



25-26 қаңтарда Астана қаласының «Қазмедиа орталығы» ғимаратында өңірлік мерзімді басылымдарының жұмыс деңгейін арттыру мақсатында форум ұйымдастырылады. 

Форумда журналистік материалдарды жазудың жанрлық түрлері мен стилистикасы, дәстүрлі және жаңа медиа, аймақтық БАҚ-ты дамыту, медиа кеңістіктегі мемлекеттік тіл мәселелері, конвергентті журналистика, басылымдардың сапасын арттыру және аудиториясын кеңейту, оларды оқырманға уақытылы жеткізу мәселелері талқыланатын болады. 

Форумның қатысушысы баспа БАҚ саласында тәжірибе және кәсіби идеялармен алмасу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ журналистік зерттеулер жазу, әлеуметтік желілер мен сайттарды сауатты жүргізу, редакцияның жұмыс деңгейін арттыру дағдыларын жетілдіреді.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...