Елбасы Астана қаласының активімен кеңес өткізді, - деп хабарлайды "Мәдениет порталы" тілші...
Туыстық неке салдары: Өзбекстанда төрт аяқты нәресте дүниеге келді
Фото: freepik
Өзбекстанда сирек кездесетін туа біткен ерекшелігі бар сәби өмірге келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Дәрігерлер нәрестеден бірігіп қалған егіздер синдромына байланысты бірнеше күрделі даму ақауын анықтаған
Мамандардың мәліметінше, сәбидің екі қалыпты аяғынан бөлек, қосымша аяқ-қолдары мен денесінің төменгі бөлігінің артық тіндері болған. Баланың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін дәрігерлер күрделі хирургиялық ем жүргізуге шешім қабылдады.
Операция бірнеше кезеңге жоспарланып, оның алғашқы екі кезеңі сәтті аяқталған. Хирургтер жұмыс істемейтін қосымша аяқ-қолдарды алып тастаған. Дәрігерлердің айтуынша, төрт аяқтың екеуі толыққанды қызмет атқармаған.
Қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы тұрақты. Дегенмен емдеу процесі әлі жалғасуда. Алда баланы тағы бірнеше операция мен ұзақ уақытқа созылатын оңалту кезеңі күтіп тұр.