WTA рейтингінде 781-ші орында тұрған 18 жастағы Соня Жиенбаева Мадридте өтіп жатқан ITF W15 санатынд...
Астанада жасөспірімнің ерсі әрекеті елдің жағасын ұстатты
Фото: freepik
2511
Астанада ойыншық қарумен жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
2025 жылдың 9 қаңтарында Астанада полиция қызметкерлері Мұхамедханов көшесінде камуфляж киім киген және қаруға ұқсас зат ұстаған адам жүр деген хабарламадан кейін тез арада жасөспірімді ұстады.
Тексеру барысында анықталғандай, оның қолындағы зат интернет арқылы сатып алынған страйкболға арналған қару макеті болып шықты.
Жасөспірім жоспарланған ойынының болмайтынын білгеннен кейін үйіне қайтып бара жатқанын айтты.
Полицияға жасөспірімнің заңды өкілдері шақырылды. Тексеру жүргізілуде.