Азаттықта әйелден 159 құты психотроптық дәрі табылды

polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
488

Атырауда әйел адамнан 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді,  деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларымен бірге жедел-іздестіру іс-шарасы аясында психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 28 жастағы әйел адамды ұстады.

Көпқабатты үйдің ауласында одан Тропикамид психотроптық препаратының 159 құтысы тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Атырау облысы полиция департаменті психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғамға елеулі қауіп төндіретінін және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...