Енді елде жаппай ұл балаларға вакцина салынуы мүмкін

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2260

Елімізде ұлдарға ерікті вакцина салу ұсынылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл адам папилломасы вирусына (HPV) қарсы күрес шарасы болмақ. Бастаманы депутат Асхат Аймағамбетов көтерді.

«Қазір Қазақстанда қыз балаларға екпе тегін салынады. Алайда HPV тек «әйелдерге тән вирус» емес. Ол жатыр мойны қатерлі ісігін ғана емес, сонымен қатар ер адамдарда жұтқыншақ, ауыз қуысы, тік ішек қатерлі ісігін де тудырады», – деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Депутат ұсынысты Денсаулық сақтау министрлігі қолдайды деген үмітте.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...