Қостанайда өгей қызын зорлаған ер адам асылып қалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2141

Қостанай облысында өгей қызын зорлаған ер адам өзіне қол салды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Halyqstan телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы жағдай Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған. 11-сынып оқушысын өгей әкесі зорлаған. Бұған дейін мектеп оқушысы өзіне қол салды деген ақпарат тарады. Бірақ білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Зорлық көрген қыз емес, оның өгей әкесінің асылып қалғаны белгілі болды. Жергілікті тұрғындар ер адам өгей қызына қатысты жыныстық зорлық-зомбылық фактісі ашылғаннан кейін өзін-өзі өлтіргенін айтып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...