Ерлікпен көз жұмған 8 жастағы баланың денесі жер қойнына тапсырылды

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
198

Суға батып бара жатқан досын құтқармақ болған 8 жастағы Хизирдің денесі сегіз күндік іздеуден кейін табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 15 маусым күні болған. Хизир екі досымен бірге Сунжа өзенінің жағасына барған кезде олардың бірі – Адам суға құлап кеткен. Сол сәтте ол еш ойланбастан досын құтқару үшін өзенге секіріп, «Жүр, біз еркекпіз ғой, оны құтқарайық», – деп көмекке ұмтылған. Үшінші бала үлкендерді шақыруға жүгірген.

Куәгерлер өзен жағасындағы ағаш тамырларына жармасып қалған Адамды аман алып қалғанымен, ағысы қатты өзен Хизирді алып кеткен.

Баланы іздеуге мыңдаған ерікті мен құтқарушылар жұмылдырылып, сегіз күн бойы Сунжа өзені бойында іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Алайда 22 маусым күні кешке Хизирдің мәйіті табылды.

Жүрек ауыртарлығы сол, Хизир небәрі үш күн бұрын ғана 8 жасқа толған еді. Әкесі Хасан Дербичев соңғы сәтке дейін ұлын аман табуға үміттеніп, іздеу жұмыстарына өзі де қатысқан. Ал үшінші сәбиіне жүкті анасы Мадина үшін бұл орны толмас қасірет болды.

Марқұмның денесі туған жері – Троицкое ауылына жеткізіліп, сол күні кешке жаназа намазы оқылды. Батыр баланы ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам жиналды.

Жақындарының айтуынша, Хизир зерек, жауапкершілігі жоғары әрі батыл бала болған. Мектепте жақсы оқып, түрлі шығармашылық байқауларға белсенді қатысқан. Оның өз өмірін қатерге тігіп, досын құтқаруға жасаған әрекеті көпшіліктің жүрегін тебірентіп, шынайы ерліктің үлгісі ретінде бағалануда

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеп жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар көз жұмды. Қаралы хабар ті...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобус жүргізушісінің денсаулығы жол үстінде күрт нашарлап, ол көлік тізгініне ие бола алм...