Алматы полициясы күшейтілген кезекшілік бойынша қызмет етеді, деп хабарлайды madeniportal.kz&nb...
Халық Күләш Ахметованы ақтық сапарға шығарып салды
Фото: ашық дереккөз
428
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Күләш Ахметованы халық Тараздағы өз үйінен соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаназасына жиналған қауымға Президенттің көңіл айту хатын оқыды. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Жақып Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың көңіл айту хатын жеткізді.
Күләш Ахметова Тектұрмас кешеніндегі зиратқа жерленді.
Айта кетері, Тоқаев көрнекті ақын, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Күләш Ахметованың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.
"Күләш Ахметова бар ғибратты ғұмырын сәулелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге мол үлес қосқан халқымыздың аяулы ақыны еді. Нәзік қаламынан туған сыршыл өлеңдері, елдікті дәріптеген жалынды жырлары оқырман тарапынан аса жоғары бағаға ие болды. Өнегелі өмір сүріп, соңына әдеби бай мұра қалдырған Күләш Ахметованың есімі мен жарқын бейнесі ұмытылмайды", – делінген жеделхатта.