Жаңаөзенде соңғы қоңырау күні мектеп түлектері жол апатына ұшырады

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
3455

Жаңаөзенде соңғы қоңырау күні мектеп түлектері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан оқиғаның қалай болғаны анық көрінеді: жоғары жылдамдықпен келе жатқан пикап екі жол талғамайтын көлікке соғылады. Сол сәтте мектеп формасын киген түлектер көліктен атып шығып, шошып қалғаны байқалады.

Полиция мәліметінше, Hilux жүргізушісі (мектеп түлегі емес) алдындағы Land Cruiser-ді басып озуға тырысып, жол жиегіне шығып кетіп, соқтығысқан. Соққыдан кейін Land Cruiser инерциямен Lexus LX 450 көлігіне тиген. Пикап жолдан шығып кеткен.

«Зардап шеккендер жоқ. Hilux жүргізушісіне ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша хаттама толтырылып, көлік айыптұраққа қойылды. Түлектер тек Lexus көлігінде болған» - дейді ПД хабарламада.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...