Ақмола облысында пойыз автомобильді қағып кетті

Фото: step_notsleep

ЖАҢАЛЫҚТАР
2703

Оқиға орнында үш адам көз жұмды. Тағы үш адамды Степногорск қаласындағы ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Теміржол өткелінде үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы 1 қарашаға қараған түні болған.

Шамамен сағат 22:30 шамасында Степногорск – Заводской жолында Audi B4 маркалы автокөлігін үш бос цистерна алып келе жатқан локомотив қағып кеткен.

Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, екі жолаушы ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Автокөліктің тағы үш жолаушысы түрлі жарақаттармен Степногорск ауруханасына жеткізілді.

"Тергеу аясында апаттың мән-жайы мен себептері анықталып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...