Ауылда 85 мың теңге күн көруге жетеді – Құрылтай депутаты

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
177

Respublica партиясынан Құрылтай депутаты, «ҚазАвтоЖол» ҰК-ның бұрынғы басшысы Мейірхат Мейрамханов ауыл тұрғындары үшін айына 85 мың теңге күнкөріске жеткілікті деген пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Депутаттың сөзінше, қала мен ауыл тұрғындарының күнделікті шығыны бірдей емес. Ол ауылдық жерде тұратындардың жеке шаруашылығы болғандықтан, азық-түлікке жұмсалатын қаражатты азайтуға мүмкіндік бар деп есептейді.

«85 мың теңге ауылдағы адамға жетеді. Ал қаладағыларға жетпейді. Ауылдағылар еңбекқор ғой. Ауылдағылар мал ұстайды, тамақ бар, сүті өзінікі, көкөнісі өзінікі. Еңбек еткен адамға ауылда 85 мың жетеді. Қазір ауылға барсақ, майды да, нанды да сатып алып жеп отыр», – деді Мейрамханов. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы полициясы TikTok желісінен екі жастың балағат сөздер мен әдепсіз тіркестер қолданған видеосын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында туристер арасында танымал табиғи орындардың бірінде аспалы шыны көпірдің құрылысы...