Қостанайда үш күн бұрын жоғалған шопан да аман-есен табылды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1174

Қостанай облысының Жангелдин ауданында үш тәулік бұрын жоғалып кеткен малшы табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ТЖМ мәліметінше, 1979 жылы туған ер адам 21 қараша күні мотоциклмен мал іздеуге шығып, белгісіз бағытқа бет алған. Қолында телефоны болмағандықтан, оның қайда кеткенін анықтау қиынға соққан. 

Жоғалған адамды іздеуге ТЖМ бөлімшелері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары қатысқан.

Құтқарушылардың айтуынша, оперативті әрі үйлесімді әрекеттің арқасында ер адам 23 қарашада аман-есен табылды. 

ТЖМ өкілдері шопанның жағдайы жақсы екенін, оған ешқандай медициналық көмек қажет болмағанын атап өтті.

«Үйлесімді жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде ер адам тірі және жарақатсыз табылды», – деп хабарлады ведомство. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...