Сәкен Майғазиевтің ұлы шындығын айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
526

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Қордабай бала күнінде футболмен кәсіби айналысуды армандағанын айтты, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Оның сөзінше, мектеп жасында шабуыл шебінде ойнаған. Алайда сол кезеңдегі кәсіби футболда тіл мәселесі кедергі болғанын жасырмайды.

"Ол жылдары кәсіби футболда орысшаң жетік болмаса, шеттететін. Содан көңілім қалып, футболды тастап кеттім. Бәлкім, бұл өзімді жұбату ғана шығар", – деп жазды ол.

Әкесі Сәкен Майғазиев те ұлының кезінде Қайрат сапында өнер көрсеткенін растады.

"Шынын айтсам, ұлым бүгінде "Реал Мадридке" қарсы алаңға шығатын футболшылардың бірі болар еді. Бірақ ол қаржы саласын таңдады", – деді әнші.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда Жангелдин ауылында жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды, деп хабарлай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal....