Салмағы 4 келі, ісігі 2 келі: дәрігерлер жаңа туған сәбиге күрделі ота жасады

Денсаулық сақтау министрлігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
185

Қазақстандық хирургтер жаңа туған сәбиге күрделі ота жасап, денесіндегі салмағы 2 келі болатын ісікті сәтті алып тастады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жазды.

Қыз бала 18 тамызда дүниеге келген. Туған кездегі салмағы 4 келі болғанымен, соның шамамен жартысын ісік құраған. Сәби өмірге келгеннен кейін бірден неонаталдық реаниматологтар мен хирургтардан құралған мамандар тобы оны Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізген.

Дәрігерлер баланы жансақтау бөліміне жатқызып, күрделі операцияға дайындаған. Мамандардың айтуынша, ісікті дер кезінде алып тастамаған жағдайда оның қатерлі түзіліске айналу қаупі болған. Сондықтан келесі күні-ақ ота жасалған.

«Бұл біздің тәжірибеміздегі ең күрделі операциялардың бірі болды. Бұл – сегізкөз-құйымшақ аймағындағы тератома. Ісіктің салмағы 2 келі болды. Туған кездегі салмағы 4 келі болғанын ескерсек, денесінің тең жартысын ісік құраған», – деді орталықтың бөлім меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Операция сәтті аяқталған. Ісік алынғаннан кейін дәрігерлер бірден пластикалық ота жасап, жара орнын қалпына келтірген.

Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы жақсы. Жақындары оны ауруханадан үйіне алып кетуге дайындалып жатыр.

Шоу-бизнес

Жақында дүркіретіп той жасаған белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан отбасындағы тағы бір қуанышты жиы...

Шоу-бизнес

Жыл сайын өткізілетін сұлулық байқауына кастинг басталғанын Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақ...