«Салт-жоралғы үшін»: Екі адамды тірідей көміп кеткендер ұсталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1392

Полицейлер Ленинград облысында тірідей көмілген екі адамды тірідей жерленген жерінен қазып алды, деп хабарлады  madeniportal.kz.

Бұл – өлім мен жерлеуге арналған символикалық діни рәсім. Бірақ ұзаққа емес. Славян, скандинав және шамандық наным-сенімдерді араластырып алған ерекше культтің ізбасарлары «Мидсаммер» деп аталатын рәсімді Приозерск ауданының орманында өткізген.

Полиция келген сәтте алаудың маңында 13 адам отырған. Бірі ақ жамылғы жамылып алған, енді бірі ерекше киім киген. Тағы екі адам жерге көміліп, өлім құдайы Хельді күтіп жатқан. Полицейлер оларды дереу қазып алып, тірі екеніне көз жеткізді.

Бұл рәсімге қатысу бағасы 6 мыңнан 9 мың рубльге дейін жеткен. Шараны ұйымдастырған Тимур А. мен Екатерина К. түсініктеме беру үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда олардың үстінен сектаны ұйымдастырды деген бап бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...