Моңғолияның Өтүкен аймағында анықталған кешенде түрк және соғды мәтіндері бар бітіктас табылды, деп...
Қазақстанда қайтыс болған адамдардың атынан кредиттер алынып жатыр
Фото: Depositphotos.com
Бас прокурор Берік Асылов депутаттарға берген жауабында елде кибералаяқтыққа қатысты қандай істер тіркеліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kzсайтына сілтеме жасап.
Қаржы алаяқтыққа қарсы қосымша тетіктерді іске асыру мақсатында 2024 жылы 5 желтоқсанда үкімет жаңа жол картасын бекіткен. Ол 35 іс-шараны қамтиды, оның ішінде банктер мен МҚҰ жауапкершілігін реттейтін ұлттық заңнаманы жетілдіру, жəбірленушілерге ақшалай қаражатты өтеу, сондай-ақ кредит беру кезінде «ойлану кезеңін» енгізу мəселелері қарастырылған.
Жалпы, қабылданған шаралар мұндай қылмыстардың жаппай таралуын бұрынғы деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді, дегенмен қаржы секторында кейбір мəселелер əлі де сақталып отыр. Оның ішінде кредиттерді оңай алу мүмкіндігі. Клиенттердің нақты қатысуынсыз, соның ішінде қайтыс болған адамдардың атына қарыздар мен микрокредиттер рəсімдеу, сондай-ақ шетелдік азаматтарға заңсыз шот ашу фактілері анықталды, – делінген жауапта.
Кейінгі екі айда қаржы ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану (ҚК-нің 250-бабы) жəне өз міндеттеріне адал қарамау (ҚК-нің 254-бабы) фактілері бойынша 67 қылмыстық іс тіркелген. Мысалы, Ақмола облысында прокурорлар 2022 жылдан бері үйсіз жəне əлеуметтік осал азаматтардың атына кредит рəсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топтың əрекетін тергеп-тексеріп жатыр (12 адам күзетпен ұстауда). Залал көлемі 10 млрд теңгеден асты, ал жəбірленушілер саны 1 мыңнан асқан. Кейбір банктер бұл іс бойынша жəбірленуші болып танылып, оларға келтірілген залал сомасы 1 млрд теңгеден асады.