Олимпиада чемпионы ота жасатты: Елдос Сметов шетелде ауруханада жатыр

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1098

Елдос Сметов шетелде ота жасатып,ауруханада жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл жаңалыққа себеп, әлеуметтік желіге Елдос Сметовтің жүктеген суреті себеп болды. Ол фотода спортшының қолы арнайы бандажбен таңылғанын көруге болады. Алайда спортшының нақты қандай жарақат алғаны, оның деңгейі және алдағы жарыстарға дайындыққа қаншалықты әсер ететіні туралы жазбаған еді. 

Кейін жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев спортшының иығына ота жасатқанын растады.

"Ал 2028 Лос-Анджелес күт бізді, тарих жасауға келеміз", - деп жазба қалдырды спортшы. 

Белгіленген геолокацияға қарағанда, фото Италияда түсірілген. Соған қарағанда, Елдос Сметов қазір реабилитация немесе медициналық бақылаудан өтіп жатуы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...