Қазақстаннан 35 шетелдік елден шығарылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
757

Алматыда полиция мен көші-қон қызметінің қызметкерлері үш күн бойы шетелдіктердің тұратын және жұмыс істейтін жерлеріне мақсатты тексеру жүргізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Іс-шаралар барысында Қазақстан аумағында болу қағидаларын бұзудың көптеген фактілері, сондай-ақ қабылдаушы тараптар мен жұмыс берушілердің талаптарды сақтамау жағдайлары анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша 134 адам жауапкершілікке тартылып, 35 шетелдік ел аумағынан шығарылды, тағы 15 адам қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

"Біз шетел азаматтары тарапынан да, олардың елде заңды болуы үшін жауапты адамдар тарапынан да заң бұзушылықтарды жүйелі түрде анықтап келеміз. Барлық дерекке құқықтық баға беріліп, шаралар қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде қабылданады", — деді Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Оның айтуынша, қалада көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасады, ал рейдтік және профилактикалық іс-шаралар мегаполистің өзге аудандарын да қамтиды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бурабайда найзағайдың кесірінен екі өрт шықты. Өрт сөндірушілер Ақылбай орман шаруашылығындағы өртте...

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова өз өмірі туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отырға...