Шучинскіде жол жиегіндегі шұңқырға көлік түсіп кетті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
569

Шучинск қаласындағы көпқабатты үйлердің ауласында жол жиегіндегі терең шұңқырға ақ түсті кроссовер көлігі түсіп кеткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің алдыңғы жағы жерге кіріп, артқы дөңгелегі аспанға көтеріліп қалғаны көрінеді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіріп тұрған бұл орынға ешқандай арнайы ескерту белгілері қойылмаған. Оның орнына қауіпті аймақты белгілеу үшін шұңқырдың ішіне қарапайым картон қорапты тастай салған.

Жергілікті тұрғындар әкімдік тарапынан бұл мәселеге ешқандай реакция болмағанына және жол қауіпсіздігінің қадағаланбайтынына наразы. Күн райы бұзылып, жаңбыр жауғанда мұндай шұңқырлар суға толып, мүлдем көрінбей қалады. Қалалық әкімдік пен жауапты коммуналдық қызметтер бұл жерді ретке келтіруді неге кешіктіріп отырғаны белгісіз. Тұрғындар мүлкіне зақым келген жүргізушілердің шығынын кім өтейтінін сұрап отыр. Егер нақты шара қолданылмаса, келесі жолы бұл шұңқырға адам құлап, қайғылы жағдай орын алуы әбден мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...