Сауд Арабиясында 20 жылдан бері комада жатқан ханзада қайтыс болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1544

2005 жылы жол апатына түсіп, содан бері жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан Сауд Арабиясының ханзадасы Аль-Валид бин Халед бин Талал Аль Саду 19 шілдеде қайтыс болды. Ол 20 жыл бойы комада болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ  Zakon.kzсайтына сілтеп.

Siasat Daily ақпаратына сай, ханзада 35 жасында дүние салған. Комаға түскен кезде ол 15 жаста болған.

"Жол апатынан соң жас жігітті король Абдулазиздің Эр-Риядтағы медицина қаласына ауруханаға жатқызған. Онда оны өкпені жасанды желдету аппаратына жатқызып, ұдайы медициналық бақылау жасалған. Оның әкесі, беделді ханзада Халед бин Талал АҚШ, Испания сынды әлемнің түрлі елінен үздік мамандарды тартқанымен, дәрігерлердің қолынан ештеңе келген жоқ",-делінген хабарламада.

Жігіттің әкесі баланы жасанды желдету аппаратынан алып тастауға мүлдем қарсы болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...