Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығында күрделі хирургиялық операция жасалып,...
Президент Досхан Жолжақсыновты 75 жасқа толуымен құттықтады
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі актер әрі режиссер, Қазақстанның халық артисі Досхан Жолжақсыновты 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мемлекет басшысының құттықтауын өнер иесіне Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жеткізді.
Президент құттықтау хатында Досхан Жолжақсыновтың қазақ өнерін дамытуға сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, оның ұлттық мәдениет пен руханиятқа қосқан үлесіне жоғары баға берді.
“Сіз салиқалы ғұмырыңызды ұлт руханиятын ұлықтауға арнап, үздіксіз шығармашылық ізденістеріңіз арқылы зор жетістікке қол жеткіздіңіз. Дәстүр сабақтастығын сақтап, ізбасар шәкірттеріңізді тәрбиелеп келесіз”, – делінген Президент құттықтауында.
Досхан Жолжақсынов саналы ғұмырын театр мен кино өнеріне арнап, шығармашылық жолында ондаған есте қаларлық образды сомдаған. Ол актерлік шеберлігімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп қана қоймай, режиссер ретінде де отандық кинематографияның дамуына елеулі үлес қосты.