Президент Өнеркәсіп және құрылыс министрі тағайындады, деп хабарлайды Madeniportal.kz. Мемлекет бас...
Сәуле Базарханның қазасы: министрлік клиникаға қатысты ресми мәлімдеме жасады
ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов Сәуле Базарханның өліміне байланысты аталған пластикалық хирургия клиникасында осы аптада тексеру басталатынын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Оның сөзінше, қазіргі таңда тексеруді прокуратура органдарында тіркеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ комитет жетекшісі 2020 жылы дәл осы мекенжайда орналасқан клиникада липосакциядан кейін төрт баланың анасы қайтыс болғанын растады. Ол кезеңде медициналық орталық басқа атаумен жұмыс істеген.
«2020 жылы бұл мекемеде өлім жағдайы тіркелген. Осы оқиғадан кейін санитарлық қорытындының күші жойылып, лицензияны тоқтату мақсатында сотқа талап арыз берілді. Соның нәтижесінде клиника пластикалық ота жасау лицензиясынан айырылды», – деді Бауыржан Жүсіпов.
Кейіннен жаңа заңды тұлға тіркеліп, клиника қайта лицензия алып, сол мекенжайда өз қызметін басқа атаумен жалғастырған. Комитет басшысының айтуынша, заң талаптарына сәйкес келген медициналық мекемелерге қайта жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
Министрлік дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда пластикалық операция жасауға рұқсаты бар 295 клиника бар. Соңғы бес жыл ішінде мұндай мекемелерде 92 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, лицензиялық талаптарды бұзу мен рұқсатсыз қызмет көрсету деректері анықталған.
Бауыржан Жүсіпов алдағы уақытта пластикалық хирургия саласындағы клиникаларға бақылау күшейтілетінін жеткізді. Бұдан бөлек, министрлік медициналық мекемелерді әр бес жыл сайын қайта лицензиялау мәселесін де қарастырып жатыр.