Еліміздің тарихында тұңғыш рет саз сырнай және оның түрлерімен шығармашылық концерт өтті, деп хабарл...
«Келінжан» телехикаясының актрисасы ауыр дертке шалдыққанын айтты
ашық дереккөзден алынған
Белгілі актриса әрі продюсер Дариға Бадықова көпшілікке беймәлім сырын ашып, табысқа жетудегі басты қағидасымен бөлісті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында өмірлік тәжірибесі туралы әңгімеледі.
«Мені жігерлендіріп, қайсар болуға үйреткен – інім. Әр әулетте отбасын алға сүйрейтін бір жан болады ғой, біздің шаңырақта ол міндет маған жүктелді. Ортаншы қызбын, менен кейінгі інім ауыр сырқатпен күресіп келеді. Дәрігерлер оған Бехтерев ауруы деген диагноз қойған. Сүйектері әлсіз болғандықтан, ай сайын арнайы ақуыз қабылдап отыруы тиіс. Бұл дерттің өршуіне кезінде дұрыс ем жасалмағаны мен қаржы тапшылығы әсер етті. Бала кезінде, 10 жасында аттан құлап, тізесін жарақаттап алғаннан кейін ауру бел омыртқасына дейін тарады. Ресейлік мамандарға да қаралдық, бірақ толық айыға алмады. Қазір оған ай сайын шамамен бір миллион теңге тұратын дәрі-дәрмек әкеліп беремін. Қазір жасы 38-де. Қоларбаға таңылуды қаламайды. Жұмыс істей алмаса да, отбасылы, көңілі көтеріңкі, өте позитив адам», – деді актриса.
Бадықованың айтуынша, бауырының тағдыры оған әрқашан күш-қуат беріп, мойымауға үйреткен.
«Інімнің дерті мен үшін ең үлкен мотивация. Өмір бойы еңбектенуден шаршаған емеспін. Қай жерде той, мереке, шара болса, барлығына қатысып жүрдім. Саудамен де айналыстым. Інімнің сенімі мен көзқарасы – маған үлкен демеу. Әкемнен кейінгі үйдің ер азаматы болғандықтан, оның үйіне барған сайын қуанып қайтамын. Дастархан жаюы, отбасының бірлігі, шаңырағының шаттығы – бәрі маған шабыт сыйлайды. Кейде дені сау адамдардың бос жүргенін көргенде, шын мәнінде ойға қаламын», – деп ойын аяқтады өнер иесі.