Сегіз бала көз жұмды: Ер адам туыстарының баласын қырып салды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1026

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Шривпорт қаласында жексенбі, 19 сәуір күні белгісіз ер адам балаларға оқ атты.  Салдарынан сегіз бала көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Атыстан тағы екі адам жарақат алған. Бұл туралы Шривпорт полициясының баспасөз хатшысы Кристофер Борделон айтты.

Полицияның алдын ала мәліметінше, оқиға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты болуы мүмкін. Ер адам 3 үйге жеке-жеке барып, үй-ішін қырып саламын деп ойлаған. Үшінші үйдегі жәбірленушілердің бірі жасырынып үлгерген. Күдікті көлік ұрлап, қашуға әрекет жасаған. Алайда Шривпорт полициясы оған оқ атып өлтірілген.

Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адамның кім екені және оның әрекетінің себептері туралы нақты ақпарат жоқ. Полиция тек қаза тапқан балалардың кейбірі күдіктінің туыстары болғанын мәлімдеді.

«Бұл — өте қайғылы жағдай, мүмкін Шривпортта бұрын-соңды болмаған ең ауыр оқиғалардың бірі болар », — деді Борделон.

Қала мэрі Том Арсено қаралы күн жариялады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысындағы Жангелдин трагедиясына қатысты сот процесі шешуші кезеңге жақындады. Бір отбасыны...