Kazakhmys Barlau Баянауыл ауданындағы кен орнында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр

Сурет: KAZAKHMYS

ЖАҢАЛЫҚТАР
530

Kazakhmys Barlau Павлодар облысының Баянауыл ауданында алтын және полиметалл кен орнында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Зерттеулер карьер бортының тұрақтылығын бағалау үшін инженерлік-геологиялық деректер алу мақсатында жүзеге асырылуда.

Бұрғылау жұмыстарының жалпы көлемі 8800 п.м. құрайды, бүгінгі күні оның 3000 п.м. бұрғыланды. Жұмысқа 2 бұрғылау қондырғысы жұмылдырылған, жуық арада олардың санын 4-ке дейін арттыру жоспарлануда. Геологиялық сүйемелдеу тікелей кен орнында жүргізілуде.

Баянауыл пайдалы қазбаларға бай өңір және Баянауыл кенді ауданының құрамына кіреді. Мұнда мыс, мырыш, күміс, күкірт, барит және сирек металдармен қатар гранит пен грейзен кен орындары да орналасқан. Ең белгілі нысандардың қатарына Майқайың, Жыланды және Шоқпақ кен орындары кіреді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу аудандық соты студенттің әкесіне қатысты оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы талап қоюы бойын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойы...