Семейде маньяк елдің зәресін алды: Полиция мәлімдеме жасады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1753

Семейде тұрғындар арасында маньяк туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Kznews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 Абай облыстық полиция департаменті жасөспірімдерді өлтірді деген қылмыскер туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Хабарлама 17 сәуірде әлеуметтік желілерде тараған. Фейк ақпараттың авторлары белгісіз ер адамның суретін де пайдаланған көрінеді. 

«Қазір қалада мұндай оқиға тіркелген жоқ. Тергеу барысында ақпарат расталмады», – деп хабарлады полиция.

Полиция жергілікті тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа құлақ асуды сұрады. Олар Қылмыстық кодекстің 274-бабында көрiнеу жалған ақпарат таратқандарға айыппұлдан үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын ескертті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...