Сенат ниқаб киюге тыйым салу туралы заңды Мәжіліске кері қайтарды

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
2978

Қазақстан Парламентінің Сенаты қоғамдық орындарда ниқаб пен бет жауып тұратын киімді киюге шектеу қоятын заң жобасын Мәжіліске түзетулермен қайта қайтарды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Сенат құжаттағы кейбір нормалармен келіскен. Соның бірі — бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киімді киюге тыйым салу.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заңда қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киімді киюге тыйым салу нормасы енгізіледі. Бұл — медициналық мақсаттар, ауа райы жағдайы, қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау жағдайларын қоспағанда. Аталған шара қоғамдық орындарда жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттырады, өйткені ол бет-әлпетті тану мүмкіндігін жақсартады, – деді сенатор Наурызбай Байқадамов Сенаттың жалпы отырысында. 

Заң жобасы әлі қабылданған жоқ және Мәжіліске қайта қарауға жолданды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...