ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Фото: Үкімет

ЖАҢАЛЫҚТАР
1259

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58 – бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласында 2025 жылғы 8 қыркүйек күні сағат 11.00-де ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын», деп жазылған өкімнің мәтінінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.

Жиынға сенат пен мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері қатысады.

Мемлекет басшысының жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...