Серік Сәпиев орынбасарымен не себепті жанжалдасқаны туралы айтып берді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
987

Серік Сәпиев орынбасарымен не себепті жанжалдасқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Чемпионның мәлімдеуінше,  жанжал жеке немесе тұрмыстық сипатта болмаған.

"Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді", - деді Сәпиев.

Олимпиада чемпионы арандатушылық оның қазақстандық спортта жүйелі реформаларды жүзеге асыруға деген шешіміне әсер етпейтінін атап өтті.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда желіде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен джиу-джитсудан әлем чемпионы Дәурен Есімханов арасында жанжал туындаған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...