«Iı-нің үстіндегі нүкте қайда кеткен?» дегендерге түсініктеме

ЖАҢАЛЫҚТАР
3362

Жетілдірілген жаңа әліпби бойынша і «ı», и, й «і» болып таңбаланады. Бұл дұрыс шешім болды!

Біріншіден, латын графикасына көшудегі негізгі мақсаттардың бірі – диакритикалық таңбаларды барынша аз қолдану. Жаңа әліпбиде бірнеше әріп қана диакритикамен берілді. Олардың жиілігі төмен. Жиілігі жоғары ызың ш дауыссызына – (ş) седиль алынды. Ş әріпасты диакритикамен берілгендіктен, қолжазуға ыңғайлы.

Екіншіден, қазақ тілінде і – жіңішке қысаң дауысты дыбысының жиілігі и, й-лерден әлдеқайда жоғары. Жазу барысында артық ноқаттар қиындық тудыруы мүмкін. Яғни ноқатсыз ı өте қолайлы. Мысалы, ını, ıs, bılım, ılım.

Үшіншіден, и, й-лер бойынша шеттілдік сөздердің сыртқы белгілері (тұрпат межесі) өзгермейді, institut, kino, fabrika сияқты сөздер оңай танылады. И, й «титл (tittle)» деп аталатын нүктесі бар «і» болып таңбаланғаны дұрыс. Латын әліпбиін пайдаланушылар бұл әріпті і деп оқымайды. Яғни kino-ны кіно емес, кино деп оқиды.

Қуаныш Жұмабекұлы, 

PhD, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері

"Qazaq" газеті

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...