Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен босатылды

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
911

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев және оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы жазды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, екі тұлға да өз еркімен қызметтен босатылған.

— Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз қалауы бойынша атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, — делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін 21 қаңтар күні Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жұмыс орнында жанжал шыққаны туралы ақпарат тараған еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...