Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталғандар берген өтемақыны қайда жіберетінін айтты

Фото: ztb

ЖАҢАЛЫҚТАР
2109

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталғандар берген өтемақыны қайда жіберетінін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шекеев жеткізді. 

«Маған ақша керек емес. Баламды қараламаса болды. Менің аманатым сол еді», – деген Қаржаубай мырза тергеу кезінде күдіктілер тарапынан ұсынылған ақшадан бірден бас тартқан. Кейін белгілі бір сатыда егер ақшалай өтемақы берілетін болса, оны өзінің жеке пайдасына емес, балалар үйіне аударуға ниетті болғанын оның заңгері Мейірман Қалмақанұлы жеткізді. «Бұл – қылмыспен келген ақша. Егер ол түссе, мен азамат ретінде оны мұқтаж балаларға жіберемін», – деген екен Қаржаубай Нұрымов. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...