Танымал журналист Бибігүл Дәулетбек Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев жайлы сөз етті, деп хабарлады...
Шерзаттың досы: “ Нұрғанат аға “Шерзатты шақырыңдар, қол алысып кешірім сұрап кетсін” деді”
Фото: madeniportal коллажы
Шерзаттың досы оқиға кезіндегі тың ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Шерзаттың досының айтуынша, олар дүкенге барғанда Шерзат болмаған, оны кешірім сұрап қол алыссын деген оймен ағасы Нұрғанат шақыртқан екен.
“Біз дүкенге барған кезде Шерзат болмады. Шерзаттың әкесі мен ағасы және тағы екі аға болды, төртеуі сабырлы сөйлесіп жатты. Сосын бізге Нұрғанат аға “Шерзатқа звондаңдар, келісіп қол алысып, кешірім сұрап қайтсын” деді. Біз звондап болғаннан кейін артынан бір машина келді”.
Дүкеннің алдына көліктер жиналған соң ішінен түскен адамдар Шерзаттың достарына да күш көрсеткен болып шықты.
“Мерс көлігі келген соң, ішінен түскен адамдар амандаса сала мән-жайды алмай Ахмедті ұрды. Ахмедтен “Сен бе менің бауырымды ұрған” деп сұрады. Ахмед “Жоқ, мен ұрмадым” деген кезде оның бет тұсынан ұрады. Ахмед талып қалады. Сол кезде маған біреу келеді де итеріп жібереді. Мен бір аяғыммен түстім. Олардвң қолдарына қарағанда бір-екеуінен пышақты байқағанда қашу керек екенін түсіндім”, - дейді Шерзаттың досы.