Щучинскідегі трагедия – құрбандар саны 12-ге жетті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
269

Щучинскідегі трагедия болғанына бір жарым айдан астам уақыт өтті. Бүгін Астанадағы ауруханалардың бірінде «Центр плова» кафесіндегі жарылыс пен өрттен зардап шеккен тағы бір адамның қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Науқастың қаза тапқаны туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұған дейін ол санитарлық авиациямен жеткізілген болатын.

Ведомствоның нақтылауынша, ер адам есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмған. Ол өрт кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының ауыр зақымын алып, комада жатқан – дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Щучинскідегі «Центр плова» мекемесіндегі қайғылы оқиға 2026 жылғы 26 ақпанда кешкі уақытта болған. Төтенше жағдайдан кейін бірден жеті адамның қаза тапқаны хабарланған: олардың бесеуі оқиға орнында көз жұмса, тағы екеуі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Өмірбекова әлеуметтік желіде ақынның дүниеден өтуіне байланысты ж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы Құлжа тасжолында былтырғы жылдың қазан айында жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп келе келе ж...