Мемлекет басшысы мәдениет майталманын мерейтойымен құттықтап, өнерге сіңірген еңбегін жоғары бағалад...
Зардап шеккендерге мемлекеттік материалдық резервтен көмек көрсетіледі
Фотосурет: ortcom_kz
Мемлекеттік материалдық резервтер номенклатурасына сәйкес резервтің қоймаларында тамақ өнімдері, төтенше жағдайларды жоюға арналған тауарлар – арнайы және автомобиль техникасы, шатырлар, төсек-орын жабдықтары және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті басқа да тауарлар сақталады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін мемлекеттік материалдық резервтен 51 бірлік арнайы және автомобиль техникасы, оның ішінде экскаваторлар, вахталық автомобиль, балшық сорғылары, автосамосвалдар, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары шамамен 15 400 адамға 1 млрд 474 млн теңгеге шығарылды.
«Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу үшін осы өңірлердің әкімдіктерімен мемлекеттік материалдық резервтен қажетті тауарларды шығару мәселесі қаралуда. Мемлекеттік материалдық резервтен берілетін техника мен тауарлар осы төтенше жағдайды жою үшін жаңа, заманауи және қажетті тауарлармен жабдықталған. Тауарлар «Резерв» мемлекеттік кәсіпорнының қоймаларында еліміздің 10 өңірінде орналыстырылған»,-деді спикер.
Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді, әкімдіктердің өтінімдерін қарастырып және сұратылған тауарларды жіберіп жатыр.