«Мүлік үшін айып тақты»: Туған әкесі зорлаған қыздың әжесі күтпеген мәлімдеме жасады

коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2734

Алматылық 38 жастағы келіншек күйеуі туған қызын зорлағанын айтып, шындықты ашуға журналист Руслан Өтепбайға көмекке жүгінген еді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Журналист Руслан Өтепбай зорланған қыздың әжесі мен тәтесінен сұхбат алды.

Сұхбат барысында Әлібек есімді әкенің кінәсі жоқ екенін үйіндегілері растап отыр. Олардың айтуынша, немересінің жүріп жүрген жігіті болған. Соны біліп қалған әкесі қызын соққыға алған. Әкесіне ренжіген қыздар осындай қадамға баруға бел байлаған.

«Баламды келінім кінәлап жатыр. Зорламаған қызды зорлады деп мойындатамын дейді. Сотта келінімнің өзі қызымның жүріп жүрген жігіті бар.Түнімен қыдыратынын да растаған. Алайда солай деп отыра балама неге жала жапқанын түсінбедім. Балам ішпейді де шекпейді. Баламның атында екі қабатты үйі бар астында машинасы бар. Жанат келінімнің бұндайға баруының себебі сол жай үшін деп ойлаймын», - дейді әжесі.

Әлібектің әпкесі де келіні мен қыздарының шындығын біле алмағанын айтты.

«Жанат оқиға болған күннің ертесі звандаған. Қайтадан бөлімшеге баруымды өтінді. Сол кезде бәріміз қыздары да бар бөлімшеге бардық. Сол кезде сол зорланды деген қыз әкесімен қатты сөйлескісі келді. Қайта-қайта басын шайқай берді. Қызын әңгіме тартып, шындықты білгім келді. Бірақ қыз тек жылай берді. Ал анасы болса бөлімшеде арызын қайтарғысы келетінін айтты, бірақ та полицейлер бермегенін айтқан», - деді айыпталушы Әлібектің әпкесі.

Қазіргі таңда Әлібек есімді үш қыздың әкесі сот үкімімен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген екен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада полиция көлігіне түкіріп, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған балалар жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазгидромет алдағы демалыс күндері елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын сипаттайды,&nbs...