Си Цзиньпиннің кортежін күткен астаналық көлік жүргізушілер жолда ұйықтаған (ВИДЕО)

Видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1337

Бүгін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға сапармен келді, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды.

Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.

Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды.

Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.

Айта кетейік, Астанаға ҚХР төрағасының ресми сапарына байланысты елорда көшелерінің кейбірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Салдарынан кептеліс туындап, жүргізушілер көлігінде ұйықтаған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...